Компания туралы


 2007 жылы ҚР Экологиялық кодексі қабылданғаннан кейін осы құжаттың нормаларына сәйкес, компания бұрынғы лицензиялардың орнына жаңа  № 01002Р Мемлекеттік лицензиясын  алды.
2005 жылдан бастап «ЭКОС» ЖШС еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі жобаларды әзірлеумен айналысады; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы  № 1457 қаулысымен бекітілген «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті кезеңді аттестаттауды өткізудің ережелеріне» сәйкес, қызметті жүзеге асыратынМамандандырылған ұйымдар тізімінде тұр. Фирманың мамандары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің РЕҚҒЗИ да сертификатталған.
«ЭКОС» ЖШС-ның өз құрамында атмосфералық ауаның өлшемдерін өткізуге санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер жүргізуге:   санитарлық-химиялық, табиғи факторларды (электромагнитті өрістердің және т.б. шуы, дірілдеуі) өлшеу, радиометрия және дозиметрия (өлшеу аспаптарымен жарақталған) мемлекеттік лицензиясы бар мобильді сынақ зертханасы бар (05.10.2017 жылғы № KZ.Т.01.1315 аккредиттеу аттестаты,  Мемлекеттік лицензия серия СЭ №00862CZ от 12.10.2010 ж.,12.10.2010 ж. №29 Мемлекеттік лицензияның қосымшасы, 24.02.2011ж. № 37 Мемлекеттік лицензияның қосымшасы). Зертхана жұмыстарын орындау үдерісінде компанияны басқа ұйымдардан тәуелсіз ететін өлшеу аспаптарымен жабдықталған.
Жұмыс кезеңінде ұйым мамандарымен 600-ден астам ластаушы заттардың жол берілетін шекті нормативтері, соның ішінде «ӨзенМұнайГаз», «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ Өндірістік филиалдарының19 бөлімшесіне ЖБШ нормативтерінің жобалары әзірленді, атап айтқанда, МГӨБ-1, 2, 3, 4, МДБжӨҚ, ҰҚБ-1, 2, 3, 4, 5,  ГӨЗ зауыты (газ өндіру зауыты)  және т.б.; сондай-ақ «Ембімұнайгаз» ӨФ 6 бөлімшесі үшін Қазақстан Республикасының, Ақмола облысы және Астана қаласының  250- ден астам өнеркәсіп объектілеріне экологиялық  төлқұжаттау жүргізілді. Жинақтаушыларға және жергілікті рельефке  жол берілетін төгінділерді  есептеу бойынша әдістемелерді бекіткеннен кейін  облыста бірінші болып оны апробациялауды бастады.Барлығы 40-тан астам жол берілетін төгінділердің нормативтері әзірленді.  300-ге жуық  жұмыс жобаларына «Қоршаған ортаны қорғау» тараулары дайындалды, 30-ға таман кәсіпорынға қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағамдау және қоршаған ортаға әсерді  бағамдау жүргізілген, соның ішінде: Новоднепровск алтын кен орны, «Узбой» алтын кен орнының өнеркәсіп алаңын пайдалануға берген кезде қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағамдау және қоршаған ортаға әсерді  бағамдау, Солтүстік Қызылқия алаңында 3Д сейсмикалық барлауды, Бота алаңында 2Д сейсмикалық барлауды, Оңтүстік Қызылқия алаңында 3Д сейсмикалық барлауды,  «ҚазақстанКаспийШельф» ААҚ Солтүстік Нұралы алаңында 3Д сейсмикалық барлауды жүргізген кезде  қоршаған ортаға әсерді  бағамдау жүргізілген. «Ақсу кен орнында алдын ала кесектелген баланстан тыс кендерден алтынды шоғырландырып шаймалаудың тәжірибелік-өнеркәсіп қондырғысының құрылысы», «Қазақалтын» ТМК АҚ «Ақсу кен орнының кен қалдықтары қазандығын қайта салу»,  «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ Екібастұз көмір кеніштері үшін балластты карьерлердің жұмыс жобасына ҚОӘБ және басқалар.

2001, 2004 және 2009 жылдары «ЭКОС» ЖШС Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Экологиялық сараптаманы жүргізу, мониторинг және экологиялық насихат» бағдарламасы бойынша өткізілген  ашық конкурстарда жеңімпаз болып танылды.
Жұмыстың қорытындылары бойынша республикалық деңгейдегі жобаларға 200-ден астам тәуелсіз  экологиялық сараптаманың қорытындылары: жоспаралды, жоба алды құжаттама, заңнамалық және нормативтік-әдістемелік құжаттар, шарттар, келісімдер,  табиғатты пайдалану мәселелеріне қатысты халықаралық шарттарды қоса алғанда, дайындалды.
Экологиялық жобалар 2-ден 20 жылға дейін Ақмола қалалық және облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармаларында, «Қазақсантехжоба», «Целингипросельхоз» жобалау ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар  жоғары білікті мамандармен орындалады. «ЭКОС» ЖШС штаты әр жылдарда экологиялық проблемалардың кең өрісі талқыланған халықаралық және республикалық семинар-кеңестер мен конференцияларда қатысқан 28 штатты қызметкерлерінен тұрады. Барлық мамандар ұйымдастыру техникасы және жердегі шоғырлануларды есептеу және ЖБШ томдарын шығару үшін «Эра» (Новосибирск қ.) және «Эколог» УПРЗА (Санкт-Петербург қ.) бағдарламалық кешендерімен жұмыс істеуді жетік игерген.

100 ге жуық штаттан тыс қызметкер ғылым және техниканың түрлі салаларының мамандары, үлкен жұмыс тәжірибелері, ғылыми дәреже және атақтары бар (кандидаттар мен докторлар, доценттер мен профессорлар, мүше-корреспонденттер мен академиктер)  ҚР жетекші ЖОО (Л. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, ҚР ҒА Білім және ғылым министрлігінің Гидрогеология және гидрофизика институты және т.б.) түрлі министрліктер мен ведомстволар, мекемелер мен ұйымдардың(«Қазмеханобра» ӨЭ МҒӨБ» ЕМК, Қазақ қолданбалы экология агенттігіжәне т.б.), сондай-ақ түрлі статустағы жобалау және консультациялық фирмалардың, ЖК, ЖШС және АҚ-дан бастап ҚР инвестициялық жобалар тобына дейінгі ғылыми қызметкерлер.
Бұдан басқа, компания табиғатты пайдаланушылар арасында экологиялық білімді насихаттаумен айналысады. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігі объектілеріне қолданылатын табиғатты қорғау заңнамасы» тақырыбына темір жол қызметкерлеріне семинарлар өткізілген. «Қазақстантемiржолы» ҰК» АҚ Кадр саясаты департаментімен табиғатты пайдалану саласында бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және оқытуды өткізуге арналған негіздемелік шартқа қол қойылған. Қазіргі уақытта басқа ірі табиғатты пайдаланушылардың экологиялық оқытуды өткізу туралы ұсыныстары қарастырылуда.

Біз туралы қысқаша

«ЭКОС» компаниясының қызметі  бүгінгі күнде де, ертең де абсолютті заңды болды және болады да. Компанияның беделі мен жақсы атағы біздің ең үлкен әлеуетіміз және өзара тиімді ынтымақтастықтың кепілі болып табылады.

 

 

 

Орналасқан жері:

Байланыстар

Z00T7H6, Қазақстан Республикасы
 Нур-Султан қаласы, Иманов көшесі, 9 үй, ҚҮ-5
тел-факс: +7(7172)21-22-21; 21-70-12
тел: +7(7172) 21-22-87
ұялы: +7 701 511 19 67

email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Рейтинг@Mail.ru Web100kz.com - каталог сайтов