Экологиялық жобалау және нормалау
• Жобаланушы және қайта салынатын объектілер үшін межеленген шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағамдау (ҚОӘБ – барлық кезеңдері).
• Қолданыстағы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға әсерін бағамдау.
• Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көздерін түгендеу.
• Атмосфераға жол берілетін шығарындылар (ЖБШ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу
• Қоршаған ортаға жол берілетін төгінділер (ЖБТ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу.
• Қалдықтарды орналастыру, қалдықтарды орналастыруға шектеулер, қауіпті қалдықтар төлқұжаттары нормативтерінің жобаларын әзірлеу.
• Экологиялық бақылау және экологиялық мониторинг бағдарламаларын әзірлеу;
• СҚА жобаларын әзірлеу;
• Парниктік газдарды түгендеу жобаларын әзірлеу.
• Табиғи әсер ету көздерін түгендеу.
• Шекті жол берілетін табиғи әсер ету нормативтерінің жобаларын әзірлеу.
• Экологиялық аудитті өткізу.
Қоршаған орта ахуалының мониторингі
Жұмыстарды белгілеу
Өткізілетін экологиялық, соныің ішінде мониторингтік зерттеулердің басты мақсаты - қоршаған орта компоненттерінің ахуалы туралы өзекті (жаңа) және шынайы ақпарат алу және ол мыналардан тұрады:
1) атмосфералық ауа жағдайының мониторингі;
2) атмосфералық шөгінділер жағдайының мониторингі; 3) метеорологиялық мониторинг;
4) радиациялық мониторинг;
5) трансшекаралық ластаушылар мониторингі;
6) айнала мониторингі.
Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау
ондағы орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндығын, ауырлығын, қауырттылығының жағдайын, еңбек тазалығы мен өндірістік орта жағдайларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын бағалау жөніндегі қызмет.
«ЭКОС» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті кезеңді аттестаттауды өткізудің ережелеріне» сәйкес қызметті жүзеге асыратынМамандандырылған ұйымдар тізімінде тұр.Құрамында мобильді сынақ зертханасы бар. Атмосфералық ауаның өлшемдерін өткізуге 05.10.2017 жылғы № KZ.Т.01.1315 аккредиттеу аттестаты мен санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер жүргізуге: санитарлық-химиялық, табиғи факторларды (электромагнитті өрістердің және т.б. шуы, дірілдеуі) өлшеу, радиометрия және дозиметрия (өлшеу аспаптарымен жарақталған) мемлекеттік лицензиясы бар. Фирманың мамандары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің РЕҚҒЗИ да сертификатталған.