Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау
ондағы орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндығын, ауырлығын, қауырттылығының жағдайын, еңбек тазалығы мен өндірістік орта жағдайларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын бағалау жөніндегі қызмет.
«ЭКОС» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті кезеңді аттестаттауды өткізудің ережелеріне» сәйкес қызметті жүзеге асыратынМамандандырылған ұйымдар тізімінде тұр.Құрамында мобильді сынақ зертханасы бар. Атмосфералық ауаның өлшемдерін өткізуге 05.10.2017 жылғы № KZ.Т.01.1315 аккредиттеу аттестаты мен санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер жүргізуге: санитарлық-химиялық, табиғи факторларды (электромагнитті өрістердің және т.б. шуы, дірілдеуі) өлшеу, радиометрия және дозиметрия (өлшеу аспаптарымен жарақталған) мемлекеттік лицензиясы бар. Фирманың мамандары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің РЕҚҒЗИ да сертификатталған.